Карим Бензема Франция құрамасына оралуы мүмкін

“Әл-Иттихад” шабуылшысы Карим Бензема Франция құрамасына қайту мүмкіндігін жоққа шығармады. Бензема ұлттық құрама сапында соңғы рет 2022 жылғы жазда Ұлттар лигасы аясында алаңға шыққан.
“Франция құрамасына қайтуым мүмкін бе? Әуелі, құрама әзірше менен алыс, бірақ ешқашан алдын ала айту мүмкін емес.
Қазіргі уақытта мен бүгінгі жағдайға назар аударып отырмын”, — деді Бензема AS басылымына берген сұхбатында. Осы күндері Франция құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына жолдаманы жеңіп алды.
Дидье Дешам басқаратын команда Украина, Исландия және Әзірбайжанмен бір топта ойнап, 18 ұпайдан 16 ұпай жинауға қол жеткізді. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Карим Бензема 38 жасқа толады.
Франция құрамасы сапында ол 97 ойында алаңға шығып, 37 гол соғып, 20 нәтижелі пас берген.