
“Аль-Иттихад” шабуылшысы Карим Бензема жаз маусымынан бері “Реал” командасын басқарып келе жатқан Хаби Алонсо туралы пікір білдірді. — Сіз “Реал” құрамасының киім ауыстыру бөлмесінде Хаби Алонсоға жолықтыңыз.
Сол кезде оның болашақта бапкер болу қабілетін байқаған ба едіңіз? — Біз бірге ойнаған уақыттарды жақсы есімде сақтаймын.
Хаби қазір де сол күйінде, тек енді ол бапкер ретінде жұмыс атқаруда. Прессинг, тік пастар және маған ұнайтын ойын стилі.
Ол әлі ғана алты айдан бері бапкерлікпен айналысуда, бірақ қазірдің өзінде барлығы да өте жақсы өтіп жатыр. Уақыт қажет, — деді Бензема AS басылымына берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, “Реал” Испания чемпионатының турнир кестесінде көш бастап тұр. Екінші орында тұрған “Барселонадан” үш ұпай алда.
“Реал” өзінің келесі кездесуін 23 қараша күні сырт алаңда “Эльче” командасына қарсы өткізеді.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.