date

«Барселона» президенттігіне үміткер Мессиге уәде берді


Виктор Фонт 2026 жылы "Барселона" президенті лауазымына үміткер ретінде сайлауға қатысатынын айтып, Лионель Месси жайында уәде берді. Фонт сайлауда жеңіске жеткен жағдайда аты аңызға айналған футболшыға қоңырау шалатынын мәлімдеді.

"Мессидің қайта оралуы? Бұл туралы ойдың өзі мені толқытады.

Әрине, бәрі оның шешіміне байланысты. Біз Мессиді тек құрал ретінде қолданбауымыз керек.

Өкінішке орай, Лапорта мұны бірнеше рет дұрыс емес жолмен жасады деп ойлаймын. Месси бұл жайында хабардар болуы тиіс: мен сайлауда жеңіске жеткен бойда оған қоңырау шаламын.

Бұл менің алғашқы қоңырауым болмақ. Клубтың болашағына үлес қоса алатын әрбір адаммен қарым-қатынас орнату біздің міндетіміз", – деді Фонт Mundo Deportivo басылымына берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, Лионель Месси 2021 жылы "Барселонадан" кеткен болатын. Каталондық клуб қаржылық мәселелерге байланысты аргентиналық жұлдызбен келісімшартты ұзартуға мүмкіндік ала алмаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Барселона» президенттігіне үміткер Мессиге уәде берді