date

Милитаудың қалпына келу мерзімі анықталды

Бразилия құрамасы футболшысы Эдер Милитао жарақаты туралы
Бразилия құрамасы сапында жарақат алған "Реал" қорғаушысы Эдер Милитаоның сауығу мерзімі туралы ақпарат пайда болды. Мадрид клубы футболшының диагнозын хабарлады, бірақ оның сауығу мерзімі бойынша ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Marca басылымының хабарлауынша, Милитаоның толық сауығуы үшін шамамен екі апта қажет. Бразилиялық футболшы "Реалдың" 23 қарашада "Эльчемен", 26 қарашада "Олимпиакоспен", 30 қарашада "Жиронамен" және 3 желтоқсанда "Атлетикпен" өтетін ойындарын өткізіп алуы мүмкін.

Қазіргі таңда Хаби Алонсоның қарамағында үш орталық қорғаушы – Дин Хойсен, Рауль Асенсио және Давид Алаба бар. "Реал" Испания чемпионатында көш бастап келеді және екінші орындағы "Барселонадан" үш ұпайға алда тұр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Милитаудың қалпына келу мерзімі анықталды