date

Родриго "Реалдағы" жағдайы туралы пікір білдірді


Мадридтің "Реал" клубына тиесілі шабуылшы Родриго өзінің командадағы орны туралы пікір білдірді. 2025/2026 жылғы маусымда бразилиялық футболшы "патшалық клубтың" негізгі құрамында бар болғаны үш рет алаңға шыққан.

"Мен көп нәрсе істей алмаймын, тек жаттығуда барымды салып еңбектене аламын. Дәл осы арқылы бас бапкердің сенімін ақтауға тырысамын.

Бразилия құрамасында Карло Анчелоттидің сеніміне ие болғанымдай нәтижеге жеткім келеді", – дейді Родриго. Оның сөздерін журналист Фабрицио Романо әлеуметтік желілер арқылы таратты.

Айта кету керек, 24 жастағы Родригоның болашағы туралы баспасөзде түрлі қауесет тарауда. Оны Ағылшын Премьер-лигасының бірнеше клубымен тығыз байланыстыруда.

Ақпараттарға сәйкес, беделді Transfermarkt порталы Родригоның трансфер құнын 80 миллион еуроға бағалауда.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Родриго "Реалдағы" жағдайы туралы пікір білдірді