date

Асенсио Арда Гүлердің болашағын бағалады


Футболшы Марко Асенсио "Реал Мадридтің" жас жұлдызы Арда Гюлердің болашағы туралы пікір білдірді. Түрік жартылай қорғаушысы өзінің спорттық жолын "Фенербахче" командасында бастаған және 2023 жылы "корольдік клубқа" өткен.

"Гюлер үлкен талантқа ие және жоғары деңгейде ойнап жатыр. Сенемін, болашақта ол қазіргі жағдайынан да мықты болмақ.

Арда әлі өте жас және "Реалда" дамуын жалғастыру үшін барлық мүмкіндіктерге ие", – дейді 2015-2023 жылдар аралығында "Реал Мадрид" намысын қорғаған Асенсио. 20 жасар Гюлер осы маусымда Хаби Алонсо басқаруындағы команда сапында 16 ойынға қатысып, 3 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Асенсио Арда Гүлердің болашағын бағалады