date

Барселонада екі жетекші футболшы сапқа оралды


«Барселона» қақпашысы Жоан Гарсиа мен вингер Ламин Ямал жарақаттарынан айығып, Ла Лига аясында «Атлетик Бильбао» командасына қарсы өтетін матчта бастапқы құрамда алаңға шығуға дайын. Catalunya Radio ақпараты бойынша, ешқандай күтпеген жағдай болмаса, бас бапкер Ханс-Дитер Флик екі ойыншыны да сенбі күнгі кездесуде негізгі құрамда шығаруды жоспарлап отыр.

Аталған кездесу Мәскеу уақытымен сағат 18:15-те басталады. Еске сала кетсек, Ламин Ямал халықаралық үзіліс алдында жарақат алып, сол себепті Испания құрамасының қараша айындағы матчтарын жіберіп алған еді.

Ал Жоан Гарсиа қыркүйек айының соңынан бері жарақатына байланысты алаңға шыға алмаған болатын. Қазіргі уақытта «Барселона» Ла Лига турнирлік кестесінде 12 турдан кейін екінші орынды иеленіп келеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Барселонада екі жетекші футболшы сапқа оралды