date

Реал Мадрид виртуалды жобаны іске қосады


Real Madrid клубының президенті Флорентино Перес "Сантьяго Бернабеу" стадионы үшін виртуалды шынайылық жобасының әзірленіп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл жоба арқылы әлемнің кез келген бұрышындағы жанкүйерлер өздерін стадионда отырғандай сезіне алады.

"Бұл спорт тарихындағы маңызды қадам, мұндай жоба бұрын-соңды болмаған", – деп атап өтті Перес Madrid Zone басылымына берген сұхбатында. Еске сала кетейік, "Сантьяго Бернабеу" – Real Madrid-тің үй стадионы, оның сыйымдылығы 80 мыңнан асады.

Қазіргі кезде Real Madrid Испания Ла Лигасында 12 тур ойындарынан кейін 31 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Реал Мадрид виртуалды жобаны іске қосады