date

Хорди Альба: Мессимен бірге кету жайлы сөйлеспедік


Бұрынғы "Барселона" футболшысы Жорди Альба Лионель Мессидің клубтан кеткендігі туралы ешқашан онымен сөйлеспегенін ашық айтты. "Мен ешқашан Мессиден "Барселонадан" кеткесін өзін қалай сезінгенін сұрамағанмын.

Ол да бұл туралы маған айтқан емес. Менің ойымша, бұл оған оңай болмаған.

Бірақ меніңше, оны құрметтеу өте тамаша болар еді. Бұл тек Леоның естелігі үшін ғана емес, сонымен қатар әрбір "Барселона" жанкүйері күткен нәрсе", — деді Альба "Barca Universal" басылымына берген сұхбатында.

Лионель Месси "Барселонада" 2000 жылдан 2021 жылға дейін өнер көрсетті. Ол клубтың негізгі құрамында барлығы 778 ойында алаңға шығып, 672 гол соғып, 303 нәтижелі пас берген.

Қазіргі таңда 38 жастағы аргентиналық футболшы АҚШ-тың "Интер Майами" клубында ойнап жүр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Хорди Альба: Мессимен бірге кету жайлы сөйлеспедік