date

Мане неге "Манчестер Юнайтедке" ауыспағанын айтты


Бұрынғы "Ливерпуль" ойыншысы, қазіргі уақытта Сауд Арабиясының "Аль-Наср" командасында өнер көрсететін Садио Мане "Манчестер Юнайтедке" ауысуы мүмкін болған кезеңді еске алды. Сенегалдық футболшы "қызыл шайтандарға" "Саутгемптоннан" "Ливерпульге" ауысуының алдында қосылуы ықтимал еді, бірақ бұл трансфер жүзеге аспаған.

"Маған "Манчестер Юнайтедтен" қоңырау шалды, Луи ван Галмен сөйлестім. Командада Руни, Ди Мария, Депай болатын.

Олар мені қосып ала алмағанда, Марсьяльді сатып алды. Мен олардан сұрадым: "Руни, Депай, Ди Мария және ван Перси бар жерде мен қай жерде ойнаймын?" Маған алаңға тұрақты шығу маңызды еді," - деді 33 жастағы футболшы The Touchline басылымына берген сұхбатында.

Еске салсақ, Садио Мане "Саутгемптоннан" "Ливерпуль" командасына 2016 жылы ауысқан және алты жыл бойы осы ұжымда ойнағаннан кейін "Баварияға" трансфер жасалған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Мане неге "Манчестер Юнайтедке" ауыспағанын айтты