date

Гаити құрамасы өз алаңында ойнамай-ақ әлем чемпионатына жолдама алды


Гаити құрамасы өз тарихында екінші рет Әлем чемпионатына жолдама алды. Бірінші рет бұл оқиға 1974 жылы болған, сол кезде Гаити футболшылары Италия құрамасына қарсы ойында гол соға алған еді.

Қызықты дерек, Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Гаити құрамасы бірде-бір ойынын өз алаңында өткізбеген. Олар барлық жеңістерін, соның ішінде Никарагуа құрамасына қарсы 2:0 есебімен аяқталған шешуші ойынды да, сырт алаңда жеңіп алған.

Соңғы жылдары Гаити елі ауыр саяси және әлеуметтік дағдарысқа тап болып отыр. Бұл дағдарыс елдегі қылмыстың өсуіне әкеліп соқты, тіпті қаруланған топтар ел астанасы Порт-о-Пренсті де бақылауда ұстап тұр.

Осындай себептерге байланысты Гаити құрамасы өз ойындарын үй стадионында өткізе алмайды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Гаити құрамасы өз алаңында ойнамай-ақ әлем чемпионатына жолдама алды