date

Садио Мане Клоппен трансфер туралы сөйлесті


“Әл-Наср” футболшысы Садио Мане “Ливерпульге” ауысу туралы қалай шешім қабылдағаны жайында айтып берді. Мане бұл шешімге “Ливерпуль” бас жаттықтырушысы Юрген Клопппен әңгімелескеннен кейін келгенін мәлімдеді.

2016 жылы “қызылдар” сенегалдық шабуылшыны “Саутгемптоннан” сатып алған. Мане “Ливерпуль” құрамында алты жыл ойнап, бүкіл әлем деңгейіндегі жұлдызға айналып, көптеген жүлделерге қол жеткізген.

“Алғашында Юрген кезінде “Боруссия Дортмундқа” ауысу жүзеге аспағаны үшін кешірім сұрады, содан кейін былай деді: “Ливерпульде” біз қарсыластар ойнағысы келмейтін команда құрамыз. Бірге өсе береміз және сен әрбір ойында алаңға шығасың.

Мен осы жобаның бір бөлігі болғым келді. Жалақы немесе басқа нәрселер маңызды емес еді, мен жай ғана осында өтуді қаладым”, – деді Мане Рио Фердинандқа берген сұхбатында.

2023 жылы Мане “Бавария” клубына ауысқан, ал бір жылдан кейін Сауд Арабиясына көшкен болатын.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Садио Мане Клоппен трансфер туралы сөйлесті