date

Капелло: Әрбір дерби ерекше

Италия чемпионаты ойыны
Келесі турдағы Италия чемпионатының негізгі кездесуі "Милан" мен "Интер" командалары арасында өтеді. Бұл ойын туралы өз пікірін "россонеридің" бұрынғы бапкері Фабио Капелло айтты.

Ол өз естеліктеріндегі дербилердің қайсысын ерекшелеп айту қиын екенін білдіріп, барлық дербидің өзіндік тартымдылығы бар екенін атап өтті. "Әрбір дерби – ерекше.

Бұл қала үшін үлкен оқиға. Ал футболшылар, тіпті ұлттық құраманың жиынында болса да, мен сенімдімін, дәл осы дерби туралы ойлайды", – деді Капелло pianetamilan.it сайтына берген сұхбатында.

Қазіргі уақытта "Милан" А Серия турнир кестесінде үшінші орында, ал "Интер" көш бастап келеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Капелло: Әрбір дерби ерекше