date

Гвардиола: Холанд Ширердің рекордын жаңартуы мүмкін


«Манчестер Сити» бас бапкері Хосеп Гвардиола Эрлинг Холландты аңызға айналған футболшы Алан Ширермен салыстырды. Англиялық Ширер Премьер-Лига тарихындағы ең үздік гол шебері ретінде 260 голмен рекорд орнатқан.

Норвегиялық Холланд қазіргі уақытта 99 гол соғып үлгерді, оған бар болғаны 108 матч қажет болды. «Холланд қандай нәтижеге жетпесін, Ширердің ұлы мәртебесі өзгермейді.

Мен көптеген жылдар бойы гол соғуды жалғастыра алған ойыншыларға терең құрметпен қараймын. Бұл үлкен жігерді талап етеді.

Холландты Ширермен қатар қоюдың өзі көп нәрсені білдіреді. Математик болудың қажеті жоқ: егер Холланд ұзақ уақыт ойнауды жалғастырып, дәл осындай қарқынмен гол сала берсе, ол Ширер мен Кейнге жақындай алады.

Бірақ болашақты алдын ала болжау мүмкін емес», – деді Гвардиола. Бүгін «Манчестер Сити» Ширер ұзақ жылдар бойы ойнаған «Ньюкаслға» қарсы алаңға шығады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Гвардиола: Холанд Ширердің рекордын жаңартуы мүмкін