date

Майнц ойыншысы Бундеслигада рекорд жаңартты

Германия чемпионаты 11-тур ойыны
Германия чемпионатының 11-тур ойындары басталды. Жұма күні "Майнц" өз алаңында "Хоффенхаймды" қабылдап, қарсыласын жеңе алмады.

Матчтың аяқталуына үш минут қалғанда "Майнц" ойынды он ойыншыға қарсы он ойыншымен жалғастыруға мәжбүр болды. Доминик Кор тікелей қызыл карточка алып, яғни ескерту сары карточкасыз-ақ алаңды тастады.

Бұл Доминик Кор үшін Германия футболының жоғары лигасындағы мансабы барысында тоғызыншы қызыл карточка болды. Осылайша ол Бундеслигада жаңа рекорд орнатты.

Бұған дейінгі рекорд сегіз қызыл карточкамен Луис Густаво мен Йенс Новотныйға тиесілі болған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Майнц ойыншысы Бундеслигада рекорд жаңартты