date

Спаллетти: "Деңгейімізді көтеруіміз керек"


Италия чемпионаты аясында А сериясының он екінші тур ойындары жалғасуда. Туриннің "Ювентус" командасы тағы да жеңіске жете алмады.

Лучано Спаллетти басқаратын команда "Фиорентинамен" тең ойнап, командалар бір-біріне бір голдан соқты. Лучано Спаллетти ойын нәтижесі туралы өз пікірін білдірді.

"Бірінші таймда өте сақ болдық. Көп қателіктер жібердік, бұлай болмауы керек еді.

Деңгейімізді көтеруіміз, өз ойынымызды жақсартуымыз және мұндай ойындарда жеңіске жетуіміз керек", - деді Спаллетти Juvenews.eu басылымына берген сұхбатында. Еске сала кетейік, Турин клубы Италия чемпионатын соңғы рет бес жыл бұрын, 2020 жылы жеңіп алған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Спаллетти: "Деңгейімізді көтеруіміз керек"