date

Наполи Конте туралы қауесеттерге жауап берді


“Наполи” спорт директоры Джованни Манна бас бапкер Антонио Контенің отставкасы туралы болжамдарға қатысты пікір білдірді. Сенбі күні неапольдықтар өз алаңында «Аталантаны» 3:1 есебімен жеңді.

Ойынның алдында ақпарат құралдарында бапкердің клуб басшылығы және команда футболшыларымен келіспеушілігі жайлы әңгімелер тарап кеткен болатын. Бұған Контенің команда құрамы және кейбір ойыншылардың өз жұмысына деген қарым-қатынасына қатысты өткір пікірі себеп болған.

«Кейбір нәрселер тек сенсацияға айналады, бірақ бұл қалыпты жағдай. Әрі тіпті бапкердің отставкасы туралы да айтылды, алайда Конте тек команданың деңгейін көтеру мақсатымен сигнал берді, мен мұны жаман деп есептемеймін.

Біз әрдайым бір жолда болдық. Біздің ортақ құндылықтарымыз бар және біз мұны өткен және қазіргі маусымда да көрсетіп келеміз.

Барлығы жақсы», – деді Манна Sky Sport-қа берген сұхбатында. 25 қараша, сейсенбі күні «Наполи» Чемпиондар Лигасы аясында «Қарабаққа» қарсы ойын өткізеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Наполи Конте туралы қауесеттерге жауап берді