date

Ван Дейк: Әр футболшы өзіне назар аударуы тиіс


“Ливерпуль” қорғаушысы Виржил ван Дейк “Ноттингем Форестке” қарсы сәтсіз ойыннан кейін пікір білдірді. Арне Слот басқаратын команда өз алаңында 0:3 есебімен жеңіліске ұшырады.

“Әрбір футболшы өзіне назар аударып, қателіктерін түзеу үстінде жұмыс істеуі керек. Көп еңбек етіп, алға жылжу қажет.

Мен осы клубта көп жылдан бері ойнап келемін және біз мұндай қиыншылықтарды бірнеше рет басымыздан өткердік. Біз міндетті түрде қайтамыз, бірақ бұл бір түнде жүзеге аспайтын нәрсе.

Мен оңай беріле салатын адамдар қатарынан емеспін”, – деді ван Дейк BBC-ге берген сұхбатында. Аталған жеңілістен кейін “Ливерпуль” Англия Премьер-лигасының турнир кестесінде 11-орынға түсіп кетті.

Келесі турда Слот командасы “Вест Хэмге” қарсы сырт алаңда ойын өткізеді. Матч күздің соңғы күні өтеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Ван Дейк: Әр футболшы өзіне назар аударуы тиіс