date

Спаллетти: "Ювентустің" басты мақсаты - скудетто


Италия чемпионатының 12-турында "Ювентус" пен "Фиорентина" командалары 1:1 есебімен тең ойнады. Осы нәтиже бойынша "Ювентустың" бас бапкері Лучано Спаллетти өз пікірін білдірді.

"Бірінші таймда командамыз артық қателіктерге жол берді. Біз өз деңгейімізді көтеруіміз қажет және шабуылда әлдеқайда жақсы ойнауымыз керек.

"Ювентустың" биылғы маусымдағы басты мақсаты – скудетто үшін күрес", - деп әйгілі инсайдер Джанлука Ди Марцио Спаллеттидің сөзін келтіреді. 12 турдан кейін Турин командасы 20 ұпай жинап, А Сериясының турнирлік кестесінде алтыншы орынға ие болып отыр.

Спаллеттидің шәкірттері көшбасшы "Наполиден" бес ұпайға артта келеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Спаллетти: "Ювентустің" басты мақсаты - скудетто