date

Флорентино Перес Барселонаны сынға алды

Real Madrid президенті Перес Барселонаға сын айтты
Real Madrid президенті Флорентино Перес Barcelona клубын сынға алды. Мадрид клубының басшысы "Негрейра ісі" деп аталған дау туралы пікір білдірді.

Белгілі болғандай, каталондық клуб бір кездері Төрешілердің техникалық комитеті төрағасының орынбасары болған Хосе Мария Энрикес Негрейрамен қаржылық байланыс ұстаған. "Barcelona 17 жыл бойы Төрешілер техникалық комитеті төрағасының орынбасарына 8 миллион еуродан астам қаржы төлегені дұрыс емес жағдай.

Бұл әрекеттің себебі қандай болмасын, осы комитет төрағасының орынбасары маңызды міндеттер атқарған. Қызық жері сол, бұл кезең Barcelonаның ең үздік көрсеткіштерімен сәйкес келеді", – деді Перес Marca басылымына берген сұхбатында.

Бұған дейін Barcelona басшылығы Негрейра қызметтерін төрешілердің шешімдеріне ықпал ету үшін емес, төрешілік бойынша есептер алу мақсатында жалдағанын мәлімдеген еді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Флорентино Перес Барселонаны сынға алды