date

Арсеналға үш футболшы оралды

Арсенал клубы ойыншысы жарақаттан жазылды
Лондонның "Арсенал" клубының құрамындағы үш жарақат алған ойыншы "Тоттенхэмге" қарсы дерби ойынға қайтып келуі мүмкін. Бұл туралы журналист Коннор Хамм өз әлеуметтік желісінде хабарлады.

Еске салсақ, халықаралық үзіліске дейін "Арсенал" сапында Виктор Дёкереш, Габриэл Мартинелли, Мартин Эдегор және Нони Мадуэке жарақат алуына байланысты ойнай алмаған еді. Сондай-ақ Кай Хаверц пен Габриэл Жезус ұзақ мерзімді жарақаттарынан емделуде.

Халықаралық үзіліс кезінде қорғаушы Габриэл Дос Сантос та жарақат алған болатын. "Арсенал" мен "Тоттенхэм" арасындағы дерби 2025 жылғы 23 қараша күні кешке Лондондағы "Эмирейтс" стадионында өтеді.

"Арсенал" 26 ұпаймен Англия Премьер-лигасындағы көшбасшы болып тұрса, "Тоттенхэм" 18 ұпаймен 8-орында орналасқан.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Арсеналға үш футболшы оралды