date

Лапорта Хавидің отставкасын түсіндірді

Лапорта Хавидың отставкасын түсіндірді
Барселонаның президенті Жоан Лапорта Хави Эрнандестің команда бас бапкері қызметінен кетуі туралы түсініктеме берді. Испандық маман 2021 жылдан 2024 жылға дейін «көк-гранаттықтарды» басқарған.

Лапортаның айтуынша, Хави маусым соңында Барселонадан кететінін жариялаған, бірақ кейіннен ол кездесу өткізіп, жағдайды талқылауды өтінген. «Ол маған өз жұмысын жалғастырғысы келетінін айтты.

Мен оған тек бір сұрақ қойдым: 'Хави, сен бұл командаға сенесің бе?' Ол: 'Мен 100% сенемін, осы футболшыларды чемпион қыламын', деп жауап берді. Бірақ бір аптадан кейін ол маған бәсекеге қабілетті команда құру үшін екі жыл керек екенін айтты.

Мен өзіме: 'Мұнда не болып жатыр?' деп ойладым», — дейді Лапорта. Президенттің айтуынша, кейінірек Хави спорт директоры Декомен байланысып, трансферлер бойынша талаптар қойған және кейбір футболшылармен қоштасу қажеттігін айтқан.

Лапорта Хавиды құрметтейтінін, бірақ бұл жағдай оған қатты әсер еткенін және сол себепті қиын шешім қабылдауға мәжбүр болғанын мойындады. Бұл шешімдер бұрын Месси, Альба және Бускетс жағдайында да қабылданған еді.

Қазіргі уақытта Барселона бас бапкері қызметін Ханс-Дитер Флик атқаруда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Лапорта Хавидің отставкасын түсіндірді