date

Лапорта 2023 жылы Мессидің «Барселонаға» қайта оралуына тыйым салды

Лапорта 2023 жылы Мессидің «Барселона»ға қайта оралуына тыйым салды

«Барселона»ның бұрынғы бас бапкері Хави Эрнандес клуб басшылығы Лионель Мессидің командаға қайта оралуына тосқауыл қойғанын мәлімдеді. Бапкердің айтуынша, 2023 жылы аргентиналық жұлдыздың трансфері бойынша барлық келісімдер дайын болған.

Бұл туралы Goal.com хабар береді.

Хави бес ай бойы Мессимен келіссөздер жүргізгенін және футболшының «Барселонаға» қайта оралуға келісім бергенін айтты. Алайда соңғы кезеңде клуб президенті Жоан Лапорта бұл трансферге рұқсат бермеген.


Қаржылық мәселелерге байланысты Неймар мен Педро сияқты бұрынғы футболшыларды қайтару жоспарлары да іске аспай қалған.

Бұрынғы бапкер Мессидің жаттығулардағы ынтасы мен өзара қарым-қатынасы туралы да тоқталып өтті. Хави Мессиді 16 жасынан бері білетінін және онымен әрқашан сенімге негізделген достық байланыс сақталып қалғанын айтты.


Сондай-ақ Хави қазіргі жас жұлдыз Ламин Ямал туралы жоғары пікір білдірді. Ол жас футболшыны «таңдалған данышпан» деп атап, оның болашағы тек өзінің ұмтылысы мен психологиялық жағдайына байланысты екенін айтты.

Хави өзінің кетуіне спорттық нәтижелер емес, клуб ішіндегі келіспеушіліктер себеп болғанын меңзеді. Соған қарамастан, ол Ханси Флик басқарған жобаны қолдайтынын және командада алдағы 10 жылға мықты негіз қаланғанын атап өтті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Лапорта 2023 жылы Мессидің «Барселонаға» қайта оралуына тыйым салды