date

Киву Лаутароның ауыстырылуына түсініктеме берді


“Интер” бас бапкері Кристиан Киву “Миланға” қарсы ойын кезінде команда капитаны Лаутаро Мартинесті ауыстыру себебі туралы пікір білдірді. Аргентиналық шабуылшы ойынның 66-шы минутында Анже-Йоан Боннимен алмастырылды.

Бұл уақытта “россонерилер” командасынан Кристиан Пулишичтің голы есеп ашқан болатын және ойын соңына дейін жалғыз гол болып қалды. “Лаутароның жағдайы жақсы.

Ойыншыларды ауыстыруға құқығым жоқ па? Бұл менің техникалық шешімім.

Запастағы ойыншылар да командаға үлес қоса алады, олар бұған маусымның алдыңғы ойындарында да қол жеткізген болатын. Осындай шешім қабылдадым”, – деп DAZN телеарнасына берген сұхбатында Киву атап өтті.

Лаутаро Мартинес ағымдағы маусымда А Сериясында төрт гол салып, екі нәтижелі пастың авторы болды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Киву Лаутароның ауыстырылуына түсініктеме берді