date

Гарри Кейн болашағы туралы айтты


Бавария шабуылшысы Гарри Кейн өз келешегі туралы пікір білдірді. Кейннің қолданыстағы келісімшарты 2026/2027 жж. маусымының соңына дейін есептелген.

"Асығысудың қажеті жоқ. Мюнхенде өзімді шынымен бақытты сезінемін, бұл ойындарымнан да анық көрініп тұр.

Егер қандай да бір келіссөздер болса, оны көре жатармыз. Бірақ қазіргі уақытта келесі маусым туралы ойламаймын.

Қазіргі назарам жазғы Әлем чемпионатында. Осы маусымнан кейін бірнәрсенің өзгеру ықтималдығы өте төмен.

Бавария жанкүйерлері алаңдауы керек пе? Ойымша, жоқ", - деді Кейн Bild басылымына.

Гарри Кейн "Бавария" сапында барлығы 114 ойынға қатысып, 109 гол соғып, әріптестеріне 29 нәтижелі пас берген.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Гарри Кейн болашағы туралы айтты