date

Каррагер Клопп пен Слоттың мәселелерін салыстырды

Каррегер Клопп пен Слоттың мәселелерін салыстырды
“Ливерпуль” клубының бұрынғы қорғаушысы Джейми Каррегер командадағы дағдарыс жағдайы туралы пікір білдірді. Бірнеше сәтсіз ойыннан кейін “қызылдар” Англия Премьер-лигасы турнир кестесінде 12-орынға түсіп қалды.

Олар көшбасшы “Арсеналдан” қазірдің өзінде 11 ұпайға артта қалған. "Юрген Клопп кезеңінде де қиын жағдайлар болған: бір кездері оның басқаруымен 'Ливерпуль' 'Энфилд' стадионында қатарынан алты ойында жеңіліс тапқан еді.

Бірақ мен ешқашан оның команданың бас бапкері ретіндегі позициясы күмәнге алынғанын естіген емеспін. Ал қазіргі уақытта Арне Слотқа қатысты жағдай мүлде басқаша," – деп Каррегердің сөздерін ағылшын басылымдары келтірген.

Айта кетейік, Арне Слот 2024 жылдың жазында Юрген Клоппты “Ливерпуль” клубының бас бапкері қызметінде алмастырған еді. Голландиялық бапкердің басшылығындағы алғашқы маусымда мерсисайдтықтар Англия чемпиондығын жеңіп алған болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Каррагер Клопп пен Слоттың мәселелерін салыстырды