date

Рафинья неге "Барселонаны" таңдағанын айтты

Рафинья неге "Барселонаны" таңдағанын айтты
Бразилиялық шабуылшы Рафинья Диас 2022 жылы "Барселона" клубына ауысқанына өкінбегенін мәлімдеді. "Неліктен "Барселона" клубын "Челсиден" артық қойдым?

Мен не қалайтынымды жүз пайыз нақты білдім. Менің жоспарларым армандарымды жүзеге асырып, "Барселонаның" формасын кию болды.

Сондықтан мен "Барселонаны" таңдадым және қазір осында болуымның себебі де осындай шешуімде", — деді Рафинья журналист Фабрицио Романомен әңгімесінде. Ағымдағы маусымда 28 жастағы вингер барлық турнирлер бойынша 9 ойынға қатысып, 3 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

Рафиньяның "көк-анар түстілер" құрамындағы қолданыстағы келісімшарты 2028 жылдың ортасына дейін жоспарланған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Рафинья неге "Барселонаны" таңдағанын айтты