date

Футболшыларға ашуым жоқ


«Ливерпуль» бас бапкері Арне Слот команданың нәтижелері үшін футболшыларға ашулы ма деген сұраққа жауап берді. Белгілі болғандай, мерсисайдтықтар соңғы 12 ойынның 9-ында жеңіліс тапқан.

«Футболшыларға ашу ма? Әсте жоқ.

Иә, біздің ойын деңгейіміз әдеттегіден төмен болды, мұны мойындаймын. Біз жақсырақ ойнай алатынымызға сенеміз.

Өткен маусымда жақсы ойнағанымызда назар көбіне кейбір футболшыларға аударылған болатын. Бірақ мен әрқашан командаға қарау керектігін айттым.

Қазір де команданы талдау қажет, жеке футболшыларды емес», – деді Слот баспасөз мәслихатында. «Ливерпуль» келесі ойынын 30 қараша күні Англия Премьер-лигасында сырт алаңда «Вест Хэмге» қарсы өткізеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Футболшыларға ашуым жоқ