«Бока Хуниорс» жейделері әлемде ең көп сатылатындардың қатарында

Бока Хуниорс командасы үшін қуанышты жаңалық – Euromericas Sport Marketing агенттігі әлемнің ең танымал клубтарының футболкаларының сату деңгейін зерттеді. Аргентинаның бұл ірі клубы үздік ондыққа кіруге қол жеткізді.
Бока Хуниорс алтыншы орынға ие болды және екі миллионнан астам футболка сатты. Олардың алдында Реал Мадрид, Барселона, ПСЖ, Бавария және Майами Интер (Миланның командасы емес) орналасқан.
Майами Интердің жоғары орында болуы Лионель Мессидің осы клубта ойнауына байланысты деп түсіндірілді. Жетінші орынды Бразилияның Фламенго клубы иеленді.
Ал үздік ондықты Манчестер Юнайтед, Челси және Криштиану Роналдудың жаңа клубы Әл-Наср аяқтады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз