Хаби Алонсоның отставкасы туралы қауесет жоққа шығарылды

Мадридтің "Реал" клубы бас бапкер Хаби Алонсоны қызметтен босату ниетінде емес. Бұл туралы белгілі журналист Хосеп Педрерол хабарлады.
Жексенбі күні "Корольдік клуб" тағы да ұпай жоғалтып, Ла Лига аясында "Жирона" командасымен 1:1 есебімен тең ойнады. Ойыннан кейін Алонсоның қызметтен кетуі жайлы қауесеттер таралды.
Дегенмен, Педреролдың айтуынша, клуб басшылығы әзірге бапкерді ауыстыру туралы ойланбайды. "Реал" қатарынан үш тең ойыннан кейін турнир кестесінде көшбасшылықты уысынан шығарып алды.
Қазіргі таңда мадридтіктер 14 турдан кейін 33 ұпай жинаған, бұл "Барселонадан" небәрі бір ұпайға кем.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз