date

Төрт клуб Левандовскийді өз қатарына қоспақ


Каталонияның "Барселона" клубының шабуылшысы, танымал футболшы Роберт Левандовски келесі жазда Испания чемпионатынан кетуі мүмкін. Бұл туралы Mundo Deportivo басылымы хабарлады.

Дереккөзге сәйкес, 37 жастағы шабуылшыға Сауд Арабиясынан бірнеше ұсыныс түскен. "Аль-Наср", "Аль-Хилал", "Аль-Иттихад" және "Аль-Ахли" клубтары Левандовскиді құрамына қосуға қызығушылық танытуда.

Естеріңізге сала кетейік, Роберттің "Барселонамен" қолданыстағы келісімшарты тек жарты жыл мерзімге ғана жарамды. Ағымдағы маусымда польша футболшысы каталондықтардың сапында 16 ойынға қатысып, 8 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Төрт клуб Левандовскийді өз қатарына қоспақ