date

Әлем чемпионатының фавориттері жарияланды


2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жеребе тартудан кейін Goal басылымы турнир фавориттері рейтингін жаңартты. Рейтингтің бірінші орнын Испания ұлттық құрамасы иеленді.

«Қызыл фурия» құрамасы Кабо-Верде, Сауд Арабиясы және Уругваймен бір топтан орын алды. Қызықты жайт, испандықтар 2018 және 2022 жылдардағы әлем чемпионаттарында 1/8 финалында Ресей мен Мароккоға жеңіліс тауып, турнирді аяқтаған еді.

Екінші орынды 2022 жылғы Катар әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Аргентина ұлттық құрамасы иеленді. Үшінші орында Англия құрамасы орналасқан.

Алдыңғы рейтингте ағылшындар бірінші орында болған. Олар бұл жолы Хорватия, Гана және Панамамен бірге бір топта ойнайды.

Келесі орындарда Португалия, Франция, Германия, Нидерланд, Швейцария, Норвегия және Марокко орналасқан.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Әлем чемпионатының фавориттері жарияланды