Кавазашвили: Шевалье қатесіз ойнап жатқан жоқ

Кеңес Одағы құрамасының бұрынғы қақпашысы Анзор Кавазашвили Ресей қақпашысы Матвей Сафоновтың ПСЖ-дегі мүмкіндіктерін бағалады. Қақпашы мамыр айынан бері алғаш рет алаңға шығып, «Ренн» командасын 5:0 есебімен жеңген ойында өз үлесін қосты.
"Оған келесі мүмкіндік те беріледі, әсіресе негізгі қақпашы жарақат салдарынан ұзақ уақыт ойнай алмаса. Шевалье қателіксіз ойнап жатқан жоқ, Матвей өзінің мүмкіндігін әлі көрсетеді", - деді Кавазашвили "Советский спорт" басылымына.
Бұл жеңістен кейін париждіктер 33 ұпаймен екінші орынды иеленіп тұр. 15 турдан кейін "Ланс" 34 ұпаймен көш бастап келеді.
"Марсель" мен "Лилль" клубтары 29 ұпайдан жинаған. Бұған дейін Кавазашвили Сафоновты "құрғақ ойын" үшін құттықтаған еді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз