
Мадридтік "Реал" клубының бұрынғы футболшысы Гути Хаби Алонсоның бапкерлік қызметі туралы өз пікірін білдірді. "Хаби жұмысқа кіріскен кезде әртүрлі тактикаларда ойнайтынын айтқан болатын: үш орталық қорғаушымен немесе төртеуімен, 4-3-3 схемасымен...
Команда ойыншыларына бейімделу - ұлы бапкердің басты қабілеті. Алғашқы ойындарда ол әрбір футболшыны мұқият бақылады.
Ол өзін командаға бейімдеп жатыр. Қазіргі кезде құрам мен тактикалық схема мінсіз бе, білмеймін, бірақ "Атлетик"ке қарсы ойында бәрі өте жақсы жұмыс істеді", – деді Гути Madrid Zone басылымына.
Еске сала кетейік, Испания Ла Лигасының 19-турынан кейінге қалдырылған матчта "Реал" сырт алаңда "Атлетик"ті 3:0 есебімен жеңді. Голдарды Камавинга және Мбаппе (дубль) соқты.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.