date

Ривалдо Бразилия мен Шотландия ойыны туралы пікір білдірді


Бразилия ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы Ривалдо 2026 жылғы Әлем чемпионатының топтық кезеңінде "селесао"-ның Шотландиямен бір топқа түсуіне қатысты өз пікірін білдірді. "Шотландия – мен жақсы білетін қарсылас.

Мен оларға қарсы 1998 жылғы Әлем чемпионатында ойнағанмын. Матчтың басында Бразилияға біраз қиын болуы мүмкін, алайда Шотландияның Бразилия секілді футбол дәстүрлері жоқ.

Әрине, барлық қарсыластарға құрметпен қарауымыз керек, бірақ Бразилия деген – бұл Бразилия. Біз өзіміздің ойын стилімізді көрсетіп, жеңіске жетуіміз керек.

Бразилиялық ретінде мен топтық кезеңнен оңай өтуімізге сенемін, дегенмен қарсыластарға деген құрмет сақталады", – деді Ривалдо One Football басылымына берген сұхбатында. Еске сала кетейік, Ривалдо Бразилия құрамасымен 2002 жылы Әлем чемпионы атанған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Ривалдо Бразилия мен Шотландия ойыны туралы пікір білдірді