date

Карим Бензема Усман Дембеле туралы пікір білдірді


Мадридтің "Реал" клубының бұрынғы шабуылшысы, қазіргі таңда Сауд Арабиясының "Аль-Иттихад" командасында өнер көрсетіп жүрген Карим Бензема "Алтын доп" иегері Усман Дембеле жайында өз пікірін білдірді. "Бұл жігіт "Алтын допты" иеленді.

Менің ойымша, ол туралы жеткілікті айтылмай жатыр. Ол "ПСЖ" сапында керемет маусым өткізді.

Меніңше, оған тиісті деңгейде назар аударылмай отыр, шын мәнінде ол әлемнің ең үздік футболшысы. Біз оның өткен маусымдағы жетістіктері жайлы жеткілікті сөз қозғамай жүрміз, шын мәнінде ол үлкен істерді атқарған," деп Бенземаның сөзін Lequipe басылымы келтіреді.

Франция чемпионатының ағымдағы маусымында 28 жастағы вингер сегіз ойынға қатысты. Дембеле бұл ойындарда екі гол соғып, тағы екі голға пас берді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Карим Бензема Усман Дембеле туралы пікір білдірді