date

Париж апелляциялық соты Мбаппенің талабын қабылдамады


Париж аппеляциялық соты Килиан Мбаппенің «ПСЖ» есепшоттарынан 55 миллион еуроны бұғаттау жөніндегі өтінішін қайтадан қабылдамады. Аталған сома Мбаппенің жалақы және бонустық қарыз ретінде көрсетілген болатын.

Сот шешіміне сәйкес, футболшы сот шығындарын өтеуге және «ПСЖ»-ға процесті бұзғаны үшін 3 000 еуро төлеуге міндеттелді. Аталған қаражаттар сәуір айында бұғатталғанына қарамастан, мамыр айында сот бұл шараның негізсіз болғанын жариялаған еді.

Енді болса футболшының аппеляциясы да мақұлданбады. «ПСЖ» өкілі соттың бұл шешімі Мбаппенің талаптарының заңсыз екенін дәлелдегенін айтты.

Қазіргі уақытта тараптар өзара шағымдар бойынша соттасуды жалғастырып жатыр: Мбаппе клубты психологиялық қысым мен жаңа келісімшартқа мәжбүрлеуге тырысты деп айыптап, 253 миллион еуро талап етуде. Ал «ПСЖ» өз кезегінде футболшыға қарсы 440 миллион еуро көлеміндегі шағым түсірген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Париж апелляциялық соты Мбаппенің талабын қабылдамады