date

Швайнштайгер Ямалды үздік испан футболшысы деп атады


Германия құрамасы мен Мюнхеннің "Бавария" клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Бастиан Швайнштайгер футбол тарихындағы ең үздік испан футболшысын таңдады. Telegram-дағы "Арсен Венгер" арнасының хабарлауынша, неміс футболшысы Каталонияның "Барселона" клубының шабуылшысы Ламин Ямалды осы атаққа лайық деп есептеген.

Қызығы, Ламин Ямал қазір небәрі 18 жаста. Бұл таңдау көптеген жанкүйерлер арасында үлкен таңданыс тудырды.

Ламин Ямал "Барселона" академиясында тәрбиеленген. Ол 2023 жылдан бастап клубтың негізгі құрамасында алаңға шығып жүр.

Ямалдың "Барселона"-мен келісімшарты 2031 жылдың ортасына дейін жарамды. Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын 200 миллион еуроға бағалаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Швайнштайгер Ямалды үздік испан футболшысы деп атады