Педри Ла Лигада «Барселона» құрамында 150-ші ойынын өткізді

Педри Ла Лигада «Барселона» құрамында 150-ші ойынын өткізді
Испания чемпионаты, Ла Лига 16-тур аясында «Барселона» өз алаңында «Осасунаны» 2:0 есебімен жеңді. Каталондықтар памплоналықтардың қақпасына жауапсыз екі гол салып, келесі үш ұпайды қанжығасына байлады.

Бұл кездесу «Барселона» жартылай қорғаушысы Педри үшін де ерекше маңызға ие болды: ол Ла Лигада клуб сапындағы 150-матчын өткізді. Айта кетерлігі, Педри бұл көрсеткішке Лионель Мессиден жылдам жетті: Месси «Барселона» құрамында чемпионаттағы 150-матчын 2010 жылғы қазанда 23 жас 121 күндік кезінде өткізсе, Педри 23 жас 18 күнінде бұл межені бағындырған.

«Барселона» чемпионаттағы келесі турда «Вильярреалға» қарсы алаңға шығады.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар