date

Холланд Роналдудың рекордын жаңартып, тарихқа енді

Холанд Роналду қойған рекордын жаңартып, тарихқа кірді...

Ағылшын Премьер-лигасының 16-туры аясында өткен «Кристал Пэласқа» қарсы матч Эрлинг Холанд үшін тағы бір тарихи кеш болды. «Манчестер Сити» шабуылшысы бұл ойында дубль жасап, командасының 3:0 есебімен сенімді жеңісіне үлкен үлес қосты.

Ең маңыздысы, осы екі гол арқылы норвегиялық шабуылшы Англия чемпионатында «Сити» сапындағы соғылған голдар саны бойынша Криштиану Роналдуға тиесілі рекордты жаңартты. Қазіргі уақытта Холанд «қалалықтардың» сапында барлық турнирлер қоса есептегенде 168 матчта 147 гол соғып отыр. Бұл көрсеткіш «Манчестер Юнайтед» құрамында 346 ойын өткізіп, 145 гол соққан Криштиану Роналдудан жоғары нәтиже болып табылады.

25 жастағы шабуылшы осы маусымда да керемет форма көрсетіп жүр. Ол «Манчестер Сити» сапында 22 ойынға қатысып, қарсылас команданың қақпасына 23 мәре жасаған, сонымен қатар 3 нәтижелі пас та берген. Холандтың тұрақты өнімділігі команданың чемпиондық жарыста алдыңғы қатарда болуына үлкен ықпал етуде.

Сарапшылардың пікірінше, Холанд тек «Ситидің» ғана емес, сонымен қатар бүкіл АПЛ тарихындағы ең нәтижелі шабуылшылардың біріне айналып үлгерді. Егер ол осы қарқынды сақтап қалса, алда көптеген рекордтарды жаңарту ықтималдылығы жоғары.

Қысқасы, Эрлинг Холанд әр ойын сайын өзінің есімін жаңа тарихқа жазып, «қалалықтардың» жанкүйерлерін қайта-қайта қуантуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Холланд Роналдудың рекордын жаңартып, тарихқа енді