Тибо Куртуа "Реалдың" "Алавеске" қарсы жеңісін бағалады

Тибо Куртуа "Реалдың" "Алавеске" қарсы жеңісін бағалады
Испания Ла Лигасының 16-турында Мадридтің "Реал" клубы сырт алаңда "Алавес" командасын 2:1 есебімен жеңді. Матчтан кейін "корольдік" команданың қақпашысы Тибо Куртуа нәтижеге қатысты пікір білдірді.

"Бұл мен үшін "Реал" сапындағы 200-жеңіс. Керемет жетістік.

Биыл да жеңісті жалғастыруымыз керек. Өткен ойында команда мінез көрсетті және маңызды үш ұпайды алып қайтты.

Жұмысты жалғастырамыз. Бұл біздің ең үздік ойынымыз болған жоқ, алайда бастысы – нәтиже", – деп бельгиялық қақпашының сөздерін клубтың баспасөз қызметі келтірді.

17 ойыннан кейін Хаби Алонсо басқаратын команда 39 ұпай жинап, Ла Лига турнирлік кестесінде екінші орында тұр.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар