date

Энцо Мареска «Челсиден» кетуге қарсы емес


Лондонның «Челси» клубының бас бапкері Энцо Мареска командадан кетуі мүмкін. Topskills Sports UK мәліметіне сәйкес, клуб басшылығы онымен қоштасу туралы шешім қабылдаса, маман бұл шешімге қарсылық білдірмейді.

Дереккөз мәліметінше, қазіргі уақытта бапкер мен басшылық арасында трансфер саясатына байланысты келіспеушіліктер салдарынан айтарлықтай шиеленіс туындаған. Атап айтқанда, Мареска «Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Кобби Мейнуді сатып алуды сұраған, алайда клуб бұл ұсыныстан бас тартқан.

Бұған дейін Маресканың «Челсидегі» ықтимал ізбасары кім болуы мүмкін екендігі туралы ақпараттар да шыққан болатын. Кадрлық өзгерістерді қаңтар айында жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда АПЛ-дің 16-турынан кейін «көк түстілер» 28 ұпаймен турнир кестесінде төртінші орында тұр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Энцо Мареска «Челсиден» кетуге қарсы емес