date

Айтана Бонмати FIFA сыйлығын қатарынан үшінші рет алды

Аайтана Бонмати 2025 жылдың ең үздік футболшысы атанды
“Барселона” жартылай қорғаушысы, Испания ұлттық құрамасының мүшесі Аайтана Бонмати тағы да жоғары деңгейде мойындалды. FIFA Бонматиді 2025 жылдың ең үздік футболшысы деп таныды.

Бұл марапат испаниялық футболшы үшін қатарынан үшінші жүлде болды. 2024/25 жылғы маусымда Бонмати “Барселона” клубымен Испанияның ішкі жарыстарында барлық трофейді жеңіп алды: чемпионат, Испания кубогы және Испания суперкубогында жеңіс тұғырынан көрінді.

Халықаралық аренада да ол жоғары бағаланды: Бонмати Чемпиондар лигасының және Еуро-2025 турнирінің ең үздік ойыншысы деп танылды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Айтана Бонмати FIFA сыйлығын қатарынан үшінші рет алды