date

Луис Энрике 2025 жылдың ең үздік бапкері деп танылды


PSJ бас бапкері Луис Энрике FIFA тарапынан берілетін The Best сыйлығының нәтижесінде 2025 жылдың ең үздік бапкері деп танылды. Дауыс беру барысында ол «Барселона» бапкері Ханси Флик пен «Ливерпуль» бас бапкері Арне Слотты артта қалдырды.

Энрике басшылығымен француз гранды маусымды үлкен жетістіктермен аяқтады: команда Франция чемпионатын жеңіп алды, ел Кубогы мен Суперкубогында жеңіске жетті, сондай-ақ Чемпиондар лигасында топ жарып, УЕФА Суперкубогы матчында да жеңіс тұғырынан көрінді. Луис Энрике 2023 жылғы шілдеде париждік клуб басшылығына келіп, екі жылдық келісімшартқа қол қойған болатын.

Кейінірек онымен жасалған келісім тағы екі маусымға ұзартылды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Луис Энрике 2025 жылдың ең үздік бапкері деп танылды