date

Ювентус Дел Пьеро құрметіне арнайы киімдер топтамасын ұсынды


Италия тек футболмен ғана емес, сән әлемімен де танымал мемлекет, бұл екі сала жиі қатар дамиды. Туриндік "Ювентус" клубының тарихындағы ең жарық жұлдыздардың бірі — Алессандро Дель Пьеро құрметіне арнайы киімдер топтамасы ұсынылды.

Клубтың маркетинг қызметі бұл топтаманы жақындап келе жатқан католиктердің Рождество мейрамының қарсаңында жанкүйерлерге сый ретінде таныстырды. Коллекция дизайны 1990 жылдардағы танымал стильден шабыт алған: Дель Пьероның футболшы ретіндегі ең жоғары жетістіктерге жету кезеңінің атмосферасы итальян мәдениеті элементтерімен және жергілікті футбол эстетикасымен үйлесім тапқан.

Айта кетейік, қазіргі уақытта "Ювентус" А сериясының турнир кестесінде бесінші орында тұр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Ювентус Дел Пьеро құрметіне арнайы киімдер топтамасын ұсынды