date

Скалони FIFA The Best марапатына Мбаппе мен екі барселондықты таңдады

Аргентина құрамасының бас бапкері таңдаулары белгілі болды
Аргентина құрамасының бас жаттықтырушысы Лионель Скалони ФИФА нұсқасындағы "Жылдың үздік футболшысы" номинациясы бойынша кімдерге дауыс бергені белгілі болды. The Best сыйлығы "ПСЖ" шабуылшысы Усман Дембелеге табысталса да, Скалони өзінің үштік тізіміне қазіргі "Алтын доп" иегерін қоспады.

Скалонидің рейтингінде бірінші орынды Мадридтің "Реал" клубының футболшысы Килиан Мбаппе иеленді. Екінші және үшінші орындарға "Барселона" өкілдері Педри және Ламин Ямал орналасты.

Естеріңізге сала кетсек, 2022 жылғы желтоқсанда Қатарда өткен әлем чемпионатының финалында Франция мен Аргентина құрамалары кездескен еді. Мбаппе сол кездесуде хет-трик жасады. Соған қарамастан, Лионель Скалонидің командасы пенальти сериясында жеңіске жетіп, мундиаль кубогын жеңіп алды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Скалони FIFA The Best марапатына Мбаппе мен екі барселондықты таңдады