date

Әлем чемпионаты–2026: жеңімпазды рекордтық сыйақы күтіп тұр

Әлем чемпионаты–2026: жеңімпазды рекордтық көлемдегі сыйақы күтіп тұр

FIFA 2026 жылы өтетін футболдан Әлем чемпионаты үшін сыйақы көлемін ресми түрде жариялады. Жаңа форматта 48 ұлттық құрама қатысатын турнир тек спорттық жетістіктер жағынан ғана емес, қаржылық тұрғыдан да тарихтағы ең ірі жарысқа айналуы күтілуде.

Ең үлкен сыйақы, әрине, чемпион командаға беріледі. Әлем чемпионы атанған ұлттық құрама 50 миллион АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. Бұл көрсеткіш алдыңғы әлем чемпионаттарымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.

Финалда жеңіліс тауып, екінші орын алған команда 33 миллион доллармен марапатталады. Ал үшінші орын үшін 29 миллион доллар, ал төртінші орынды аяқтаған ұлттық құрамаға 27 миллион доллар сыйақы беріледі.

Ширек финалға жеткен, яғни 5–8-орынды иеленген командаларға әрқайсысы 19 миллион доллардан бөлінеді. 9–16-орын аралығында жарысты аяқтаған құрамаларға 15 миллион доллардан сыйақы тағайындалған.

Плей-оффқа шыға алмаған, бірақ топтық кезеңде лайықты өнер көрсеткен құрамалар да назардан тыс қалмайды. 17–32-орын алған командаларға 11 миллион доллардан, ал 33–48-орындарды иеленгендерге 9 миллион доллар сыйақы белгіленген.

FIFA-ның мәліметінше, мұндай ірі сыйақы қоры әлем футболында бәсекелестікті күшейтуге, ұлттық құрамаларға мотивацияны арттыруға және турнирдің жаһандық беделін нығайтуға қызмет етеді. 2026 жылғы Әлем чемпионаты нағыз футбол мерекесі болады деп болжануда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Әлем чемпионаты–2026: жеңімпазды рекордтық сыйақы күтіп тұр