date

"Нефтчи" бапкерлер штабына аргентиналық маман қосылды

"Нефтчи" бапкерлер штабына аргентиналық маман қосылды

"Нефтчи" бапкерлер штабына аргентиналық маман келіп қосылды. Бұл туралы Ферғана клубының баспасөз қызметі хабарлады.

"Нефтчи" футбол клубында бапкерлер штабы жүйелі түрде нығайтылып жатыр. Клубтың ұзақ мерзімді даму стратегиясы аясында аргентиналық маман Факундо Стик командаға тартылып, аналитикалық бапкер лауазымында жұмысын бастады.

Маман тікелей бас бапкер Исламбек Исмаиловтың көмекшісі ретінде қызмет атқарады. Ол бас бапкермен бірлесе отырып, команданың тактикалық моделі, ойын философиясы және қарсыластарға қарсы стратегияларды әзірлеуге қатысады.

Факундо Стик 1993 жылы Италияда дүниеге келген және Аргентинада өмір сүрген, маман осы уақытқа дейін Грекияның "Панатинаикос" клубында әйгілі бапкер Диего Алонсоның бапкерлер штабында аналитикалық бапкер ретінде жұмыс жасаған, сондай-ақ, маман Мальта ұлттық құрамасының әртүрлі жастағы командаларында да қызмет атқарған.

Факундо Стиктің бапкерлер штабына қосылуы — бұл команданың заманауи футбол талаптарына бейімделуі, аналитикалық көзқарас және кәсіби басқаруға бағытталған кезекті маңызды қадам болып табылады.

Бұған дейін "Нефтчи" командасы бапкерлер штабына бас бапкер Исламбек Исмаиловқа көмекші ретінде бірнеше маман қосылған болатын. Атап айтқанда:

  • Юрген Геде (Германия) — көмекші бапкер;
  • Антонио Сариогли — физикалық дайындық бойынша бапкер;
  • Виталий Галаг — қақпашылар бапкері.

Аталған мамандардың бапкерлер штабына қосылуы команданың дайындық процестері, тактикалық және физикалық әлеуетін одан әрі нығайтуға қызмет етуде. Ендігі жерде Факундо Стиктің аналитикалық бапкер ретінде штабқа қосылуымен Исламбек Исмаилов басшылығындағы бапкерлер тобы толық қалыптасып, жаңа маусымға тыңғылықты дайындық жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда, делінген ресми мәлімдемеде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » "Нефтчи" бапкерлер штабына аргентиналық маман қосылды