date

Бруну Фернандеш: «Юнайтедке» адалдығым ұсыныстардан жоғары

Бруну Фернандеш: «Юнайтедке» адалдығым ұсыныстардан басым

«Манчестер Юнайтед» капитаны Бруну Фернандеш команданы тастау мүмкіндігі жайлы ашық пікір білдірді. Португалдық жартылай қорғаушының айтуынша, мансабы барысында ол клубтан кетуі үшін екі рет нақты ұсыныс алған, бірақ екі жағдайда да «қызыл шайтан» басшылығы оны командада алып қалуды жөн көрген.

— Бұл клубқа алғаш келгенімде бәрі маған ұнады. «Юнайтедті» шын жүректен жақсы көремін және ең қиын кезеңдерде де адалдығымды дәлелдеуге тырыстым. Шынтуайтында, кету үшін екі рет мүмкіндік болды. Бірақ клубтағы адамдар маған: «Сен әлі бізге өте қажетсің», деп қалуымды сұрады. Мен оларға: «Сіздер менен не күткен болсаңыздар, соның бәрін толықтай қайтарамын», дедім, — деді Фернандеш.

Брунуның айтуынша, ол «Юнайтедке» келгенде басты мақсат — жүлделер ұту болған. Нәтижелер кей жанкүйерлер күткендей болмағанымен, футболшы өз жауапкершілігін толығымен сезінеді.

— Мүмкін, біз азырақ жүлде ұтып алған шығармыз, мүмкін көбірек жеңіске жетуіміз керек еді. Бірақ мен осы команда үшін бар күшімді салып жатырмын. Сонымен бірге басқалардың еңбегін кемсітпеймін. Барлығымыз бір мақсат үшін еңбек етіп жатырмыз, — деп қосты ол.

Жартылай қорғаушы неге әлі де «Олд Траффордта» қалғанын да ашық айтты. Оның сөзінше, басты себеп — болашақта жүлделер ұтуға деген сенімі.

— Мен дәл осы сенімнің арқасында қалып жатырмын. Егер клуб басшылығы: «Сен бізге қажет емессің», деп айтқанда немесе мақсаттарымызда жүлделер болмағанда, кетер едім. Бірақ мен «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы ұлы дәрежесіне қайта оралуын қалаймын. Осы арманмен келгем және осы жолда қолдау көрсетуді қалаймын, — деді Бруну Фернандеш.

Жанкүйерлердің пікірінше, мұндай мәлімдемелер команда капитанының тек алаңда ғана емес, рухани жағынан да «Юнайтед» үшін қаншалықты маңызды екенін тағы бір рет дәлелдейді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Бруну Фернандеш: «Юнайтедке» адалдығым ұсыныстардан жоғары