
«Манчестер Сити» клубының бас бапкері Хосеп Гвардиола командадан маусым соңында кетуі мүмкіндігі туралы тараған сыбыстарға пікір білдірді. Бұған дейін БАҚ-та испандық маманның орнына Энцо Маресканың басты үміткер ретінде қарастырылып жатқандығы туралы хабар тараған болатын.
Гвардиоланың айтуынша, мұндай сұрақтар оған соңғы үш-төрт жыл бойы тұрақты түрде қойылып келеді. Ол мұны табиғи жағдай деп есептейді және әзірге бұдан ешқандай мәселе көріп тұрмағанын атап өтті. «Мүмкін, 75 немесе 76 жасымда “Сити”-ден кетермін. Бұл қалыпты нәрсе. Бірақ қазір менің келісімшартымда әлі 18 ай бар», — деді бапкер.
Испандық маманның айтуынша, клуб кез келген сценарийге дайын болуы қажет, өйткені футбол өте жылдам өзгеруде. Алайда әзірге оның кетеуі немесе келешек жобалары ресми түрде талқыланып жатқан жоқ. «Менің келісімшартым он жылға ма, әлде жарты жылға ма — айырмашылығы жоқ. Футболда бәрі өте тез өзгереді», — деді ол.
Гвардиола қазір барлық назарын алдағы ойынға аударғанын да қосты. «Қазіргі уақытта бар назарамды “Вест Хэм”-ге қарсы ойынға берудемін. Кейін бірнеше күн әкеммен бірге гольф ойнап, демалуды жоспарлап қойдым», — деп, күлімсіреді бапкер.
Айта кетейік, 54 жастағы Хосеп Гвардиола «Манчестер Сити» командасын 2016 жылдан бері басқарып келеді. Оның клубпен қолданыстағы келісімшарты 2026/2027 жылғы маусымның соңына дейін жарамды. Қазіргі уақытта «қалалықтар» үшін басты мәселе — алдағы ойындар мен осы маусымның нәтижелері.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.